1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы көркем әдебиеттің үздік шығармаларын ала отырып, кітапханашы Жумагулова Ж.С ұйымдастыруымен «Біз батырлармен мақтанамыз!» атты тақырыбында ашық аспан аясында кітап көрмесі жасақталып, 15 минуттық үзіліс кезінде оқушыларға таныстырылды. Сонымен қатар кітапхана ішінде 8-9 сынып оқушыларына «Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі» атты ерлік сағаты өткізілді. Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Шара барысында арнайы дайындалған слайд көрсетілді. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында жауға қарсы бір жеңнен қол шығарып, бір кісінің баласындай қатар тұрып, отанымызды жаудан қорғап қалған аталарымыздың өмір жолдарынан, шығармашылығынан сыр шертіліп, кітаптарынан бірнеше үзінділер оқылды.
##Ерлер_есімі_ел_есінде_мәңгілік_сақталады
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/ru/zhkolnia-biblioteka-altinsarin/14208-1941-1945-zhyldarda-y-ly-otan-so-ysy-turaly-k-rkem-debietti-zdik-shy-armalaryn-ala-otyryp-kitapkhanashy-zhumagulova-zh-s-jymdastyruymen-biz-batyrlarmen-ma-tanamyz-atty-ta-yrybynda-ashy-aspan-ayasynda-kitap-k-rmesi-2.html#sigFreeIdf5027db873