«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім білім басқармасының Тасқала ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ (БҚО Тасқала ауданы, Тасқала ауылы М.Маметова көшесі 2. Тел 8(711) 3921266, электрондық адрес; Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
- Көлік жүргізушісі – 1 бірлік (тұрақты, еңбек ақы қөлемі – 62908 теңге).
- Бағдарламалық қамтамасыз ету инженері -1 бірлік (тұрақты, еңбек ақы қөлемі 100347 теңге).
Функциялық міндеттері:
- Көлік жүргізушісі – интернат тәрбиеленушілерін, мектеп интернатынан мектепке дейін, демалыс күндері тұрғылықты жеріне тасымалдау.
- көлікке жанар-жағармай материалдары мен салқындатқыш сұйықтарды уақытында құюды қамтамасыз етеді.
- сапарға шығар алдында көлік құралының техникалық жағдайын тексеріп, қабылдап алады және автошаруашылыққа қайтып оралғаннан кейін көлікті өткізіп, алдын ала белгіленген орынға қояды.
- жұмыс істеу барысында жол үстінде пайда болған, механизмдерді ашуды қажет етпейтін ақауларды жөндейді.
- жол құжаттарын ресімдейді.
- дала жағдайында техникалық көмектің жоқ кезінде реттеу жұмыстарын орындайды.
- Бағдарламалық қамтамасыз ету инженері – мектептегі есептегіш техниканың үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қадағалау.
- істен шыққан жағдайда оқытудың техникалық құралдарын жөндеу, профилактикалық тексеруден өткізу.
- мектептегі компьютерлік техника мен басқа да кеңселік құрылғылардың ахуалын бақылау, желілік бағдарламалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
- интернет желісіне қосылған компьютерлер мен модемдердің дұрыс қызмет атқаруын бақылау.
- мектеп қабырғасында жөндеуге келмейтін техникалық құрылғылар мен аппараттардың бөлшектерін ауыстыру қажет болған жағдайда мектеп басшысын хабардар ету.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Көлік жүргізушісі – арнайы орта білімі, көлік жүргізушінің «Д» категориясы болуы қажет.
- Бағдарламалық қамтамасыз ету инженері білуге міндетті - Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі».
Құжаттар 2022 жылғы 20 қыркүйек – 04 қазан аралығында қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін электрондық немесе қағаз түріндегі келесі құжаттар қажет:
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетілген).
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
«Денсаулық сақтау ұйымдарының баспапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақсан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.