27 сен 2022
Новости

Ұстаздар күні қарсаңында Тасқала аудандық білім беру бөлімінің ұйытқы болуымен «Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбындағы аудандық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға 5 бағыт бойынша 40қа жуық ұстаз

Ұстаздар күні қарсаңында Тасқала аудандық білім беру бөлімінің ұйытқы болуымен «Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбындағы аудандық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға 5 бағыт бойынша 40қа жуық ұстаз қатысты.

Конференцияға жіберілген жұмыстарға аудандық білім беру бөлімінің сертификаты табысталса, таңдалып алынған баяндамашы С. Ахметов өз жұмыстарын қорғап, білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Отандық білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, орта білім беру процесіндегі жаңа технологиялардың маңыздылығын көрсету мақсатындағы бұндай конференцияларды ұйымдастыру ұстаздарға кәсіби азық болатыны сөзсіз.

#ұстаздаркүні

#ғылымипрактикалықконференция