17 сен 2022
Новости

Бүгін мектебімізде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау рәсімі оздырылды

Бүгін мектебімізде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау рәсімі оздырылды. 14-15 қыркүйек күндері сайлау онлайн платформада өткізіліп, 225 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау қорытындысы бойынша мектебімізідің 9 «А» сынып оқушысы Мукашева Гульназ 136 дауыс жинап, 60,44%  көрсетті. Ұланбасы лауазымына Мукашева Г.сайланып, ант қабылдады. Салтанатты рәсімді мектеп директорының м.а Утешева Роза Айсиевна құттықтау сөзімен ашып, 2 жыл Ұланбасы болған Темирова Әсемгүлді алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар жиынға Орал қаласының   №33 ЖОББМ аға тәлімгері Қабошов Бержан Бауыржанұлы қатысып, оқушыларға «Жас Ұлан» ұйымының мақсат-міндеттерін түсіндіріп, №33 ЖОББМ «Жас Ұлан» ұйымының жұмысымен таныстырып өтті. Сондай-ақ жаңадан тағайындалған Ұланбасы, Мукашева Гульназға алдағы уақытта сәттілік тіледі.

#мектептіңөзінөзібасқаруы

#школьноесамоуправление

#ЖасҰлан

#ЖасҚыран

#Ұланбасы