03 фев 2022
Новости

Бүгін мектебіміздің ардагер-ұстазы(бастауыш сынып мұғалімі) Джулдыгалиева Катима Анисовна мерейлі 75 жасқа толып жатыр

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Бүгін мектебіміздің ардагер-ұстазы(бастауыш сынып мұғалімі) Джулдыгалиева Катима Анисовна мерейлі 75 жасқа толып жатыр.

Құрметті Катима Анисовна !

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 75 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Білім саласында ұрпақ тәрбиелеуде Сіздің қосқан үлесіңіз мол. Жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл ұстаз, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз болдыңыз.

Осынау зейнеткерлік жасыңызда бала-шағаңыздың шаттыққа толы ортасында ыстық ықыласына бөленіп отыра беріңіз. Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз!