"Мен OFFLINE"
Мектебімізде мектеп психологі С.Б.Валиеваның ұйымдастыруымен 20 қаңтар күні 7 сынып оқушыларымен интернетке тәуелділіктің алдын алу және ғаламтор желісінің пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында «Мен OFFLINE» атты тренинг сабағы өткізілді. Психологиялық тренингтің басты мақсаты - оқушыларды интернет-желісінен бір күнге "шынайы" әлемде өмір сүруге толығымен алаңдату, бұл күні басқа адамдармен тек "тірі" қарым-қатынас орнату және оны өзіне ұнайтын хоббиіне (әрине, интернетпен байланысты емес) айналдыруды көздейді.
Тренинг екі кезеңді қамтыды. Бірінші кезең - ақпараттық-танымдық кезең. Екінші кезең - бір-біріне құрметпен қарап, біріне-бірі көмек көрсету, жауапкершілікті сезіну арқылы кедергілерден өту. Тренинг барысында
«Жұлдыз құрт»
«Пазл» жинау
«Лабиринт»
«Кедергісіз аймақ»
«Алтын көпір» сияқты жаттығулар ұйымдастырып, оқушылар уақыттарын көтеріңкі көңіл-күймен өткізді.