15 дек 2021
Новости

14 желтоқсан күні "Жас Ұлан" бiрыңғай балалар мен жасөспiрiмдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өткізілді

"МЕНIҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!"

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебімiзде 14 желтоқсан күні "Жас Ұлан" бiрыңғай балалар мен жасөспiрiмдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өткізілді. Жиын барысында "Жас Қыран" қатарына 28, "Жас Ұлан" ұйымына 33 оқушы қабылданды. Қабылданушы оқушыларға төсбелгі және галстук тағу құрметі мектеп директоры Г.Дуйсеноваға, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Утешеваға, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Султангерееваға, география пәні мұғалімі К. Абдрахмановаға, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Хайрамбаеваға, бастауыш сынып мұғалімі Б. Куспановаға, математика пәні мұғалімі Р. Тлеуоваға және мектеп Президенті Темирова Әсемгүлге ұсынылды. Оқушылар ұйымға кіре отырып, ант қабылдап, "Жас Ұлан" Гимнін орындады. Мектеп директоры Г.Дуйсенова оқушыларды шын жүректен құттықтап, болашақтың жастардың қолында екенін айтып кетті.

#Qazaqstan30