Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еl Úmiti» бастамасы шеңберінде «Балалардың қабілетін диагностикалау және кәсіптік бағдарлау («Qabilet» қызметі»)» (бұдан әрі - «Qabilet» Қызметі) жобасын іске асыруға ықпал етеді.
Жоба шеңберінде 10-11 жастағы балалардың қабілетін XXI ғасырдың төрт негізгі құзыреттілігі - сыни ойлау, креативтілік, коммуникативтілік, коллаборация бойынша диагностикалау жүргізіледі. Биыл нысанды топтарға жалпы білім беретін мектептердің 10-11 жастағы оқушылары кірді.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қабілетін диагностикалау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, нысаналы топтарды толығымен қамти отырып, тегін негізде жүргізіледі.
Осыған байланысты 10-11 жас аралығындағы балаларды кеңінен қамту үшін жалпы білім беретін мектеп психологтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің педагог-психологі Валиева С.Б және Мерей ЖОББМ ББК мектеп психологі Широглазова О. В. АББ әдіскері Сағынов Н.Т. бірігіп семинар ұйымдастырды.
Семинар мақсаты - бала кездегі психикалық даму мәселелерін талдауға және 10-11 жастағы балалардың қабілеттеріне психологиялық диагностика жүргізуге жаңа тәсілдерді енгізу бойынша педагог-психолог мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/ru/novosti-altynsarin/12469-el-miti-bastamasy-she-berinde-balalardy-abiletin-diagnostikalau-zh-ne-k-siptik-ba-darlau-qabilet-yzmeti-b-dan-ri-qabilet-yzmeti-zhobasyn-iske-asyru-a-y-pal-etedi-3.html#sigFreeIdff95a5a30d