01 дек 2021
Новости

«Үздік жас маман – 2021 жыл»

Ағымдағы жылдың 29 қарашасы күні Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінде жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Үздік жас маман – 2021 жыл» байқауы ұйымдастырылды. Байқау кезеңдері:

  1. «Сәлем – сөздің басы»-таныстыру кезеңі;
  2. «Өнерлінің өрісі кең»-өз өнерін көрсету;
  3. «Білікті маман-Ел тірегі»-жедел сұрақтарға жауап;
  4. Жағдаяттарды шешу.

Қатысушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып, байқауға белсенділікпен қатыса білді. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік жас маман-2021ж» аталымына ие болған орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мукашева ЭльмираТемирболатовна.