26 нояб 2021
Новости

Осы жерде және дәл қазір!

Осы жерде және дәл қазір!

Біз, Nur Otan партиясының "Білім" бастауыш партия ұйымының Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ белсенділері мектеп алаңының артындағы паркті қалпына келтіру бойынша экологиялық жобаны қолға алып отырмыз. Қазіргі таңда бұл жер бұталармен толып, қоқыс алаңына айналған. Бұл жобаны іске асыру үшін біз алаңды бұталардан тазартып , осы аумақты тегістеп, жаңа көшеттер отырғызуымыз керек. Тасқала ауылдық округінің әкімі Г.Мухамбеткалиевамен алаңды тазартып, тегістеу үшін техника мен жас көшеттерді сатып алуға келісілді. Алаңды тазартқан соң, мектебіміздің кіші қызметкерлер және педагогикалық ұжымының, оқушыларымыздың көмегімен көшет отырғыза аламыз. Бұл парк осы аймақ тұрғындарына, балаларына демалыс орнына айналатын болады. Сонымен қатар алдағы уақытта парк ішіне балаларға арналған ойын алаңын орналастыру да жоспарда бар. Бұл жобаның іске асуы ауыл тұрғындарына да, балаларға да пайдалы боларына сенеміз! Осы жобаны іске асыру үшін өз көмегін тигізе алатын демеушілерді(кәсіпкерлер, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ түлектері) шақырамыз!

Жақсылық жасап жарысайық!

#осыжердежәнедәлқазір

#здесьисейчас

#бастауышпартиянегізі2021

#первичкаосновапартии2021