24 нояб 2021
Новости

Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы - еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы - еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру - тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл - адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы – «Адамнан - адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған. 23 қараша күні 7-сынып оқушылары арасында мектеп психологінің ұйымдастыруымен «Бақыт-деген сенің балалық шағың» атты тренинг ойыны өткізіліп, оған оқушылар белсене қатысып, пікірлерімен бөлісті. Қорытындысы бойынша оқушылардың барлығы зорлық зомбылық туралы ешқандай қиындық көрмегендері туралы, оларға ешкім қысым жасап, қиындық көрсетпегендіктерін, өздерін қорғай алатындықтары байқалды.