29 окт 2021
Новости

"Әдеби ассорти" зияткерлiк ойыны

Мектебімізде 28 қазан күні Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған "Мектебімізге берілген Ұлы есім" атты апталық аясында "Әдеби ассорти" зияткерлiк ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты - Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке, достыққа, ынтымаққа, Отан, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, жерін, жұртын сүюге, Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу, Ыбырай еңбектері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру. Шараға Тасқала аудандық білім бөлімінің әдіскері Р. Бибигуль Батырова қатысып, оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, сөз алды. Ойын ережелері бойынша қатысушылар белсенділікпен қатысып, жүлделі орындарға ие болды. "Зияткер", "Әдебиеттанушы" номинацияларымен және I, II, III орындарды иеленді. Ойынның I орын жүлдегері болып 11 сынып оқушысы Мукашева Дильназ атанды.

#Ыбырай180жыл