29 окт 2021
Новости

"Мектебімізге берілген Ұлы есім"

Мектебімiзде 25-29 қазан күндері аралығында алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру, Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында "Мектебімізге берілген Ұлы есім" атты апталық жоспары құрылып, іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту мақсатында 25 қазан күні 1-11 сынып оқушыларына "Ы.Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы", "Қазақтың тәлімгер тұлғасы", "Даланың дара ұстазы", "Ы.Алтынсарин - выдающийся представитель казахского просвещения", "Великий учитель Казахстана" тақырыптарында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, мектебімiздiң бірінші қабатында тақырыпқа сай ақпараттық стенд жасақталды.

#Ыбырай180жыл