16 окт 2021
Новости

«Қазақтың салт-дәстүрлерін білеміз бе?»

Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу,  салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында «Ұлттық құндылықтарды насихаттайық!» апталығы аясында мектебімізде  аға тәлімгер Н.Ержакаева мен мектеп Президенті Темирова Әсемгүлдің ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында «Қазақтың салт-дәстүрлерін білеміз бе?» тақырыбында танымдық байқауы оздырылды. Байқау 3 кезеңнен тұрды:

І кезең- «Қазақтың салт-дәстүрлері»- сурет арқылы салт-дәстүр атауын табу, мағынасын ашу;

ІІ кезең- «Қазақтың ұлттық ойындары»-берілген пазлдан сурет құрастырып, атауын табу, мағынасын ашу;

ІІІ кезең- «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» - сұрақ-жауап.

Әділ қазы алқасы байқауды әділ қорытындылап, қатысушылар  І, ІІ, ІІІ орын және «Салт-дәстүр насихаттаушысы», «Ұлт жанашыры» номинацияларымен марапатталды.