04 окт 2021
Новости

"Ғажайып алаң" тақырыбында ұстаздар арасында интеллектуалды ойыны ұйымдастырылып, мерекелік кешпен ұласты.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.

2021-2022 оқу жылының 1 қазан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебімізде "Ұстаз - біз сізге бас иеміз!" атты Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған апталық аясында "Ғажайып алаң" тақырыбында ұстаздар арасында интеллектуалды ойыны ұйымдастырылып, мерекелік кешпен ұласты. Шара барысында мектеп директоры Г.Дуйсенова барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар мектебіміздің Кәсіподақ ұйымы "Зерделі ұстаздар", "Шығармашыл ұстаздар" және "Жалынды жас ұстаздар" толқынына мерекеге орай сыйлықтар тарту етті. "Ғажайып алаң" ойынына әр ӘБ-тен бір уәкіл қатысып, ойын өте қызу және белсенді өтті. Супер ойын жеңімпазы Айнагуль Умбеталиева атанды. Ойын барысын 11 сынып оқушылары мерекелік бағдарламамен қолдады.

#Ұстаздаркүні #ДеньУчителей #Мәртебеңбиікмұғалім #Ұлыесіммұғалім #Алғысжүректен #Ұстазымықтыныңұстанымымықты
#Балатілібал #Ұстазғакомплимент #Педагогикалықэлегия #Ұстазғаалғыс