02 окт 2021
Новости

Оқушылар мен мұғалімдер арасында "ОЙЛАН TIME" интеллектуалды ойыны оздырылды

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні "Ұстаз-біз сізге бас иеміз!" атты Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған апталық аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебімізде оқушылар мен мұғалімдер арасында "ОЙЛАН TIME" интеллектуалды ойыны оздырылды. Ойын мақсаты - оқушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнату, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Ойын 3 кезеңнен тұрды:

  1. Ортақ сәйкестікті тап!
  2. Үшінші суретті тап!
  3. Мақалды тап!

Ойынға ұстаздардан "Dream team" командасы, оқушылардан "Айқанат" командасы сайысып, "Айқанат" жүлделі 1 орынды иеленсе, ұстаздар командасы 2 орынды иеленді.

#Ұстаздаркүні

#ДеньУчителей

#Qazaqstan30