01 окт 2021
Новости

Ұстаз - Ұлы тұлға!

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Осы Ұлы мамандық иелерін төл мерекелерімен 4"В" сыныбы құттықтап, бейнеролик жасақтады.