Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні мектебімізде "Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс басында мектеп аға тәлімгері Н.Ержакаева сөз алып, қыздарды мектеп жарғысымен, бойжеткен ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар мектеп психологы С. Валиева "Интернет тәуелділік және кибербуллингтің алдын алу"тақырыбында, мектеп медбикесі "Жеке бас гигиенасы" тақырыбында сөз алды. Жиналыстың мақсаты: Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасын ашып көрсету.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/ru/novosti-altynsarin/11557-yz-bala-ltty-yaty-khaly-ty-shyrajy-2l.html#sigFreeId3d0068a0c0