23 сен 2021
Новости

Тіл қай елде, немесе ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті ұғым.

«Тіл мәртебесі – ел мерейі»

Тіл қай елде, немесе ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті ұғым. Сондықтан ана тіліміздің өркендеуі, қанатын кең жаюы үшін қызмет ету кез келген азаматтың бұлжымас міндеті болуы керек. Қытайдың атақты философы Конфуцийдің тілге қатысты «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды» деуі бекерден бекер емес. Мектебімізде тіл айлығы аясында «Тілім – менің тірегім» атты онлайн әдеби –сазды кеш ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар үш тілде Отан, тіл, туған жер тақырыптарында өлеңдерін оқыды.