23 сен 2021
Новости

Мектебімізде тіл айлығы аясында «Латын әліпбиі-өркениетке жол» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

«Тіл мәртебесі – ел мерейі»

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. (Ахмет Байтұрсынов)

Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу! Бұл бүгін ғана айтылып отырған жоқ.  Бұл қазіргі заман талабы. Әрине, «біткен іске сыншы көп» дегендей, осы мәселеге байланысты айтылып жатқан пікірлер де әртүрлі. Бірақ еліміздің әрбір азаматы латын жазуына көшу әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуге тиіс. Себебі латын қарпі адамзаттың дамуындағы ең мықты жазудың бірі. Ол ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Тіл білімінің негізін қалаған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек. Артық әріптері көп әліпби қолайсыз болады».

Мектебімізде тіл айлығы аясында «Латын әліпбиі-өркениетке жол» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.