22 сен 2021
Новости

«Бiрге – таза Қазақстан!» республикалық экологиялық акциясы

18 қыркүйек ауданымызда «Бiрге – таза Қазақстан!» республикалық  экологиялық акциясы аясында сенбіліктер оздырылды. Акцияның мақсаты – көрнекі орындар мен табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту. Экологиялық акция аясында Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің қызметкерлері мен еріктілері Панфилов көшесі, Ы.Алтынсарин ЖОББ мектебінен Халықтар достығы көшесіне дейін тазалық жұмыстарын жүргізді. Мектебімізден ұстаздардың ерлер қауымы ерікті түрде сенбілікке қатысып, аймағымыздың тазаруына өз үлестерін қосты. Науқан – қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысуға бағытталған. Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге үлгі көрсетуіміз керек. Ауыл тұрғындарын табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға шақырамыз!