22 сен 2021
Новости

«Ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар

«Ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар. Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісінде - Аналар күні мерекесі тойланады. Бүгін елде – Аналар күні. Ұрпақ тәрбиелеп, шаңырақтың ұйытқысы болып отырған ақ жаулықты әйелдер қауымына, алғыс айту идеясы Елбасы, Тұңғыш Президенттің бастамасымен бекітілген.

Аналар күні құтты болсын!