«Тіл мәртебесі – ел мерейі»
Белгілі ақын, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменов 85 жасқа толды. Әдебиет пен ғылымды ұштастырып, рухы биік шығармаларымен бүтін бір ұрпақты тәрбиелеген қаламгердің әлі де ұлтқа берері көп. Өткен ғасырда әдебиетке құбылыс болып келген өршіл ақын Олжас Сүлейменовті әлем «Адамға табын, Жер енді» дастаны арқылы таныды. 1961 жылы жердің тартылыс күшін еңсеріп, адамзаттың ғарышты игеруін жырға қосқан ақын уақыт өте келе тарихи зерттеулерге қалам тартты. 1975 жылы жарыққа шыққан «АЗиЯ» атты еңбегінде Олжас Сүлейменов түркі және славян мәдениеттерінің өзара ықпалы туралы ғылыми тұжырым жасайды.
«Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты тіл айлығының аясында ақын, тілтанушы, саясаткер О.Сүлейменовтың 85 жылдығына орай мектебімізде үш тілде әдеби шара ұйымдастырылды. Оқушыларымыз ақынның биографиясын, шығармашылығы т.б. туралы үш тілде ақпарат берді.