18 сен 2021
Новости

Тәуелсіздік жетістіктері

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ «Тәуелсіздік жетістіктері», «Достижения Независимости» тақырыптарында барлық сыныптарда сабақтар ұйымдастырылды. Сабақ мақсаты - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жетістіктері жайлы мағлұмат беру, еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымыздың ерлігін үлгі етіп көрсету, оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.