Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.
Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осы себептердің алдын алу мақсатында "Қауіпсіз мектеп" айлығы аясында мектебіміздің аға тәлімгері Н.Ержакаева мен «Жас жол инспекторы» клубының мүшесі Ауқаш Ұлан ата-аналарға онлайн және оффлайн түрде «Қауіпсіз жүріп тұру ережелері» жадынамаларын таратты.
Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/ru/novosti-altynsarin/11459-auipsiz-zh-rip-t-ru-erezheleri.html#sigFreeIdfb81f77c1b