15 сен 2021
Новости

Ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсариннің ізгілікті педагогикалық мұраларынан ақыл-ой, идеяларынан алатын нәріміз аз болмақ емес.

Ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсариннің ізгілікті педагогикалық мұраларынан ақыл-ой, идеяларынан алатын нәріміз аз болмақ емес. Ы. Алтынсариннің «шапқан – озар, жатқан – қалар» дегеніндей, сол ұлы ағартушының мұраларын зерделеп, жасап, өзектіліктерін пайдаға асыруға қамдану жөн болмақ. Ы. Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын. Өз шығармаларында отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды, оқу- білімнің, қараңғылықтың мән- жайын ашып берді.  Ол жазба әдебиетке тән проза жанрының негізін қалады. Ол- тұңғыш рет балаларға әңгіме арнап жазған жазушы. Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі- жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу- Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Бүгін, 14 қыркүйек күні мектебімізде бастауыш сынып оқушылары, 5-9 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу және сахналық қойылым байқауы оздырылды. Байқау қорытындысы бойынша сахналық қойылымнан ІІІ орынды иеленген 4 «А» «Әке мен бала» әңгімесі, 4 «Б» «Қарға мен түлкі», ІІ орын 2 «А» «Бақша ағаштары» әңгімесі, 2 «Б» «Құмырсқа, қарлығаш, өрмекші»  және І орынды жеңіп алған 4 «В» «Әке мен бала» әңгімесі. Мәнерлеп оқу бойынша ІІІ орын алған Оразғали Жанерке,ІІ орын Жанаисова Айкоркем және І орынды Хайрбулат Милетта иеленді.