18 июнь 2021
Новости

Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!

Бүгін, 18 маусым күні 2020-2021 оқу жылының «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» жазғы демалыс лагерінің жабылу салтанаты оздырылды. Шара барысында мектеп директоры Г.Дуйсенова құттықтау сөз сөйлеп, лагерь барысында белсенділік танытқан оқушыларды марапаттады.  Оқушылар жабылу салтанатында бірге «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін орындап, флешмоб биледі. Сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген шараларға белсенді қатысқан оқушылар да марапатталды.

#жазғылагерь2021