Қайырымдылық істер марафоны аясында бүгін мектебіміздің аға тәлімгері Н.И.Ержакаеваның бастауымен жасұландықтар Халықтар достығы көшесіне сенбілікке шығып, көшені, көпір маңын қоқыстан тазартты.
Сенбіліктің басты мақсаты - ауылымыздың экологиялық жағдайын жақсарту, көшенің көркін кіргізу және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттерді дарыту.