Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 76 жыл толды. Бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Осыған орай, тарих пәні мұғалімдерінің бірлестігі мен мектеп белсенділері азамат соғысы батырларына арналған ескерткіштің өңін кіргізіп, жаңартты.
Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру - біздің парызымыз!