19 мая 2021
Новости

Гүлдене бер, менің Қазақстаным!

Бүгін, 19 мамыр күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құрылған жоспарға сай "Гүлдене бер, менің Қазақстаным!" тақырыбында қолөнер байқауы оздырылды.

 

Байқаудың мақсаты-оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен әлеуметтік белсенділіктерін арттыру, сәндік қолданбалы өнер бағытындағы дарынды балаларды анықтап, олардың үздік шығармашылық жұмыстарын мадақтау арқылы оларға азаматтық және патриоттық тәрбие беру, балаларды мәдениетке баулу, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқауға 5 сынып оқушылары қатысып, фоамиранмен жұмыс жасады.

 

#Qazaqstan30