Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ дарынды оқушыларды қолдау мақсатында жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылды. Мектебімізде 24 мамыр күні «Үздіктер шеруі» өткізілді.
Мақсаты: мектеп абыройын қала, облыс деңгейінде асқақтатып жүрген білімді де, дарынды, талантты, үздік шәкірттерімізді мақтан ете отырып, марапаттау. Білімді, талантты, үздік оқушылар "Мақтау қағазымен", ал белсенділер алғыс хаттармен марапатталды. Шеруге үздік оқушылар, мектеп белсенділері, мектеп әкімшілігі, мектебіміздің құрметті ұстаздары мен ата-аналары қатысты. Үздік оқушылар саны -63, белсенділер саны-26.
