Бүгін, 15 сәуір күні мамандық құндылығы туралы түсініктерді кеңейту, оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында “Кәсіп көзі - табанды еңбек, саналы білім” тақырыбында ДТІЖО Д.Е.Уразалиева мен Л.А.Танбаеваның ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы ауданымыздың кәсіпкерлері ЖШС “ЛУЧ” басшысы Мусенов Нариман мен ЖК "Нұр" басшысы Габбасов Нұрмен 9-11 сынып оқушыларымен кездесу оздырылды.
Кездесу барысында ауданымыздың кәсіпкерлері өздерінің кәсіптерімен таныстыра отырып, бұл кәсіпке қалай келгендігін айтты. Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әртүрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу мақсатында бағыт бағдар беріп, ақыл кеңестерімен бөлісті.Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қандай қолдау бар екенін де айтуды жөн көрді. Кәсіпкерлерге оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Оқушылар кәсіпкерлерге үлкен алғыстарын білдірді.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/ru/novosti-altynsarin/10726-%E2%80%9C%D0%BA%D3%99%D1%81%D1%96%D0%BF-%D0%BA%D3%A9%D0%B7%D1%96-%D1%82%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B-%D0%B5%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%BA,-%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC%E2%80%9D-3.html#sigFreeId9d8a763cca