Экологиялық іс- шаралар жоспарына сай “Кеңселерде жасыл бұрыштарды құру” бағыттары бойынша мектебімізде жасыл бұрыштар құрылған. “Жасыл бұрышты” құрудың пайдасы жасыл өсімдіктер адамдарға жайлылық сыйлайды, сау климатты орнатуға және жұмыс орындарындағы атмосфераны жақсартуға көмектеседі. Ауаны ылғалдандырып қана қоймай, жылуды жұтып алып, бөлмедегі зиянды заттарды жойып, ауаны тазартады. Жасыл бұрышты жасау барысында ұстаздар, оқушылар және кіші қызметкерлер белсене қатысты. Қазіргі уақытта мектебімізде көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе мектеп ауласын көркейту мақсатында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
http://altinsarin.taskala-bilim.edugov.kz/ru/novosti-altynsarin/10589-%E2%80%9C%D0%BA%D0%B5%D2%A3%D1%81%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B4%D0%B5-%D0%B6%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BB-%D0%B1%D2%B1%D1%80%D1%8B%D1%88%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B-%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%83%E2%80%9D-3.html#sigFreeIdffcc5597cc