03 апр 2021
Новости

«Тәуелсіздік құрдастары»

«Тәуелсіздік құрдастары»

Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің химия пәнінің мұғалімі Ахметова Айдана Нурумовна 1991 жылы 11 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Оян ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ.

Оян жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі, 2008-2012 жылдары М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алды.

Алғашқы еңбек жолын Мереке ЖОББ мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып бастады. Қазіргі таңда Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінде қызмет атқарып келеді. Саналы да білімді, тәрбиелі де дарынды шәкірттердің көбеюіне өзіндік үлесін қосып, адал қызмет етуде. Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру оның рухани әлемін байыту, жеке дарындылығын дамыту. Аз ғана уақыт өтсе де, бұл мамандықтың қыр-сырын меңгеріп келеді. Осы мақсатқа жету жолында да аз жұмыстар жасалған жоқ. Әртүрлі шараларға белсене қатысып, келесі мадақтамалармен марапатталды. Атап өтетін болсақ:

*2020 жылы Әбу Насыр әл-Фарабиге 1150 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де ұйымдастырылған «Білімді ұрпақ – ел болашағы» облыстық зияткерлік сайысының «XXI ғасырдағы химия» бағыты бойынша Сапиева Дильназ бен Сапакова Айшаби терең білімдерімен және жоғары қабілеттерінің нәтижесінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сапиева Дильназ университетте тегін оқу құқығын беретін грант иегері атанды.

* Аудандық «Бесінші элемент 2019» химиялық зерттеу-эксперименттік турнирінде ІІ орын.

*Аудандық «Химиялық турнир - 2018» байқауында ІІ орын.

*"QAZAQ BILIMI" республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, "100 үздік педагогикалық мақала" республикалық жобасына қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін "Рухани жаңғыру" ақпараттық-сараптамалық орталығының" ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ және тағы да көптеген жетістіктері мол.

«Жақсы ұстаз маған бәрінен қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі», - Ыбырай атамыз айтқандай, өзінің бар уақытын шәкірттерін білім нәрімен сусындатуға арнаған, жүрегімен ұстаздық сезінген аяулы жан.