03 апр 2021
Новости

Ұлттық құндылықтар — тәрбие негізі.

Ұлттық құндылықтар — тәрбие негізі.

Өткеннің бай рухани мұрасын тал бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тарихи процесті елестету мүмкін емес.

Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен бүгінгінің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық идеямыз жоғары, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты ой толғаныстары күшті ұрпақ тәрбиеленуі еш күмән тудырмайды.

Күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы, сырнай үнімен асқақтата салған әсем сазды әнімен де ата-бабаларымыз өзінің рухани жан дүниесінің мұң шерін, асқақ арманын келер ұрпақтың зердесіне жеткізіп көкірегіне ұялатқанын ұмытуға болмайды. Мектебіміздің технология пәні мұғалімі А. И. Джусупкалиевтың ұйымдастыруымен "Домбыра жасау" шебер сыныбы оздырылды.