03 апр 2021
Новости

Ұлттық құндылықтар — тәрбие негізі.

Ұлттық құндылықтар — тәрбие негізі.

Тарихқа үңілер болсақ әрбір халықтың, әрбір ұлттың өз мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, тәрбиелеу тәсілі болатынын білеміз. Халық тәрбиесі – ғасырлар бойы сараланып сан сыннан өткен, сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық тәләм-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұрасы. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағылымы, ой-пікір қорытындылар түйіні бар. Ал ол жазу-сызудан, оқу құралынан, ауыз әдебиетінен, ұлттық өнер тағылымынан, халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрпынан, бір сөзбен айтқанда мәдени мұраларынан өзекті орын алып, көрініс береді. Мектебімізде Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған апталық жоспарына сай "Ұлттық құндылықтар" тақырыбында технология пәні мұғалімі М.Б.Уразаеваның ұйымдастыруымен "Құрақ көрпе" шебер сыныбы оздырылды. Сабақ барысында оқушылар белсенділік, қызығушылықпен іспен айналысты.