Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы.
Адам баласының бүкіл адами қасиеттері отбасында беріліп, бүкіл ғұмырына негіз болады. Шаңырақтарындағы тәртіп баланы сәби кезінен бар күш қуатын еңбек етуге жағдай жасауы, білімге баулуы елді зор өркениеттілікке жеткізген. «Ұлдың ұяты-әкеде, қыздың ұяты-шешеде» деген бар. Ата-аналарымыз түзде жүрсе де «ар», «намыс», «ұят» қасиеттерін сақтауға, қорғауға үйретуі қажет. Жастардың бойында ұлттық сана-сезімді, ата-баба дәстүріне адалдықты сіңіру ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміздің бір тармағы. Қазақтың қанында тастанды бала мен қараусыз ата-ана болмаған. Есігіне құлып салынып, үйінің алдына қарауыл ұстамаған, демек бұл тәрбиені жоғары көрсеткішті берген халық деген сөз.
Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері: туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады.
Мектебімізде Наурыз мейрамына орай отбасындағы ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатында "Жеті ата" челленджi ұйымдастырылып, 6"А"сынып оқушылары челленджді қолдады.