03 апр 2021
Новости

Наурыз – ұлтымыздың ұлы мейрамы, жыл басы

Наурыз – ұлтымыздың ұлы мейрамы, жыл басы. Ұлыстың ұлы күні – күн мен түн теңеліп, жер көкке жан бітіп, тоң жібитін сәт. Халқымыз бұл мейрамды ерекше көңіл-күймен, ән-жырмен қарсы алып, "Қыз қуу", "Көкпар", "Жамбы ату","Аударыспақ", "Арқан тартыс", "Теңге ілу" сынды т. б түрлі ойындар ойнаған, тойлаған.

Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында шарапаты мол іс-шаралар ұйымдастырылып,мектебімізде апталық жоспар құрылды. Бүгін жоспарға сай "Ұлттық ойындар шеруі" бастау алып, дене шынықтыру пәні мұғалімдері апта бойы оқушылармен ұлттық ойындар ұйымдастыратын болады.