03 апр 2021
Новости

14-наурыз – Амал мерекесі.

14-наурыз – Амал мерекесі. Бұл – Абай айтқандай, «қырдағы елдің ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасатын мезеті. Иә, айдан аман, жылдан есен шыққан жұрт жаздың жайын ойлайтын, қыстың сызы қайтқан уақыт. «Амал» кей жерде «көрісу» деп аталатын мереке, әсіресе батыс­та тойланады. Осы мерекеге орай мектебімiздiң оқушылары, ұстаздары көрісу айтын ырымдап, ақ пен бауырсақтан ауыз тиді.