18 март 2021
Новости

«Ата-баба дәстүрі жас ұрпаққа аманат!»

Мектебімізде «Ата-баба дәстүрі жас ұрпаққа аманат!» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында "Салт-дәстүрім - таусылмайтын байлығым" тақырыбында технология пәні мұғалімі М. Б. Уразаева оқушыларға арнап шеберлік сағатын өткізді. Шара барысында оқушылар тігу техникасы туралы ақпараттар алып, ұстазынан тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар тәжірибесінде өз қолдарымен тігіп көрді.