01 июнь 2021
Мероприятия

Балалар – бұл біздің болашағымыз

Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. Балалар – мейірім тотемі. Осы себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз. Әсіресе, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде бұл қамқорлығымыз және де арта түседі.

 

2021 жылдың 1 маусым күні Халықаралық балалар күні мектебімізде аталып өткізілді.

 

Мерекенің мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

 

Шара мектеп директоры Г.Дуйсенованың құттықтау сөзімен басталып, барысында сайқымазақтар оқушыларға ойын , флешмоб, асфальтқа сурет салу ұйымдастырды.Белсене қатысқандарға сыйлықтар таратылып, мереке соңында барлық бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар таратылды.