15 нояб 2021
КЛУБ «Адал ұрпақ»

Ы. Алтынсарин ЖОББМ "Барлығымыз адалдық үшін!" челленджi

Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. "Барлығымыз адалдық үшін!" челленджiн қолдап, мектебімiздiң "Өзін-өзі басқару" ұйымының мүшесі Жексенова Нұрай аға тәлімгер Н. Ержакаеваның бастауымен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында бейнеролик түсірді.