15 июнь 2021
Новости

Бүгін, 14 маусым күні мектебімізде «Тәуелсіздік Ұландары» тақырыбында мектеп түлектеріне аттестат табыстау рәсімі оздырылды

Бүгін, 14 маусым күні мектебімізде «Тәуелсіздік Ұландары» тақырыбында мектеп түлектеріне аттестат табыстау рәсімі оздырылды. Жалпы мектебімізден 29 түлек қанат қақты. Салтанатты жиында мектеп директоры Г.Дуйсенова алғы сөз алып, түлектерге аттестат табыстады. Сонымен қатар жиын барысында түлектердің алғашқы ұстаздары Б.Куспанова, Г.Буентаева және 5 сыныптан 11 сыныпқа дейін жетелеген сынып жетекшілері Г.Хайрамбаева, А.Дуимбаева ізгі тілектерін білдірді. Мектеп түлектері де өз алғыстарын білдіріп, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне гүл шоқтарын сыйға тартты.