10 маусым күні мектебіміздің "Экос" бағдарлы лагерінде орнитология бағыты бойынша су қоймаларындағы, далалық, ормандық жерлердегі құстардың биотоптарын анықтау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар флористика бағыты бойынша өсімдіктердің түрі мен морфологиялық ерекшеліктерін анықтау мен жүйелеу, Қызыл кітапқа енген жергілікті жердің өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктерін анықтау, кеппешөптерді дайындау бойынша теориялық білім берілді.