Бүгін мектебіміздің «АЗАМАТ» жазғы дебат лагерінің оқушылары арасында Карл Поппер әдісі бойынша пікірталас оздырылды. Дебаттың тақырыбы:«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін жастардың арасында қалай насихаттау керек? » деген тақырыпта болды. Бұл пікірталастың басқаларынан негізгі айырмашылығы- бастапқы екі спикердің сөздерінен соң қарсы командадан сұрақ қойылады. Аналитиктер сұрақтардан бос. Әр командада қарсыластың сөздерінен соң дайындалуға 8 минут уақыт болды. Олар сол 8 минутты рационалды бөлуі тиіс. Осы артықшылығы үшін бұл формат жаңа дебатерларға өте ыңғайлы болып саналады.Бұл сайысқа оқушыларымыз құнды,нақты ойларын ортаға салып, жастардың арасында ҚР Рәміздерін қалай насихаттау керек екенін, қалай құрмет көрсету керектігі туралы ой бөлісті.