09 июнь 2021
Новости

БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН

"БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН" Ұлттық ақпараттық науқанына құрылған арнайы жоспарға сай мектебімізде психолог С.Валиеваның ұйымдастыруымен адам саудасын, балаларды жыныстық қанауына тартудың алдын алу бойынша оқушылар, ата-аналар және педагогика қауымдастығы арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараның басты мақсаты – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару; ауыр жұмыс істеу баланың денсаулығына зиян екендігін және әрбір бала - ешбір қиындықсыз, жарқын өмір сүруге тиіс екендігін ұғындыру; жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың ауыр жұмысқа тартылмауының алдын алу; сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.