Ы.Алтынсарнин атындағы ЖОББМ 25- мамыр күні 9:00-де 11 сыныптар үшін және 10:00-де 9 сыныптар үшін «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Мектебімізде биылғы оқу жылын 373 оқушы аяқтады. Оның 63-сі оқу үздігі, ал 117 -сі оқу екпіндісі.
«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны мектеп ауласында өткізілді, алаң шарлармен, плакаттармен безендірілді.
Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Г.А.Дуйсеноваға ұсынылды. Жиын барысында түлектер ұстаздарға, ата-аналарға арнаған әндері мен билерін билеп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Ата-аналардың да жылы лебіздері мен ізгі тілектері тыңдалды.
Мектеп түлектері үшін асыға күткен соңғы қоңыраудың әсем сазы, жүректі дір еткізер үні естілді.
«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны жоспарланған іс-шаралар бойынша толығымен атқарылып, өз нәтижесін берді.