Бүгін, 24 мамыр күні мектебімізде "Қош бол, сүйікті бастауыш мектебім!" атты бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгіліктері оздырылды.
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу;
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу;
3.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Ертеңгілік мектеп директоры Г. Дуйсенованың құттықтау сөзімен ашылып,ән-би сүйемелдеуімен өтті.