05 июнь 2021
Новости

Шəкірт жетістігі -мектеп мерейі

Қазақ елінің келешегі, бүгіні мен ертеңі, алдымызда тәрбиелеп отырған жас ұрпақ екені сөзсіз. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп М. Әуезов атап көрсеткеніндей, егемен елдің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.

 

Ұлттық біріңғай тестілеуден 125 балл алып үздік нәтиже көрсеткен Мерейім мектеп мерейін үстей отырып, өзін тағы да бір мойындатты. Осы уақытқа дейін аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орыннан көрініп жүрген оқушы. Ол онлайн, оффлайн курстарға қатысып, жан-жақты ізденумен қатар, мектеп мұғалімдерімен де жұмыстанып, тыңғылықты дайындалғанын дәлелдеді. Әрине, ұстаздары да, ата-анасы Мерейімге үлкен үміт артып отыр.

 

Шәкірт жетістігіне шын жүректен қуанып, балаша мәз болар мектеп ұжымының қарапайым да талантты ұстаздары. Бұдан кейін де жоғары белестерді бағындыратынына сеніміміз мол. Болашақта білікті де білімді маман иесі атануыңа, армандарыңды шындыққа ұластыруыңа тілектеспіз. Біз Мерейімге тек қана сәттілік тілейміз!!!!

 

#түлек2021