Бүгін, 16 сәуір күні мектепішiлiк "Біз таза ауыл үшін!" атты сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбіліктің мақсаты: мектеп шырайын әрлендіре түсіп, ауылымызды үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, сонымен қатар жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу.
Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.